Жаңалықтар

“Достық пен түсінікті сақтауда медиацияның рөлі” кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 13 қараша күні Талас ауданындағы, Қаратау технология  Білім жіне Бизнес колледжінде  “Достық пен түсінікті сақтауда медиацияның рөлі”  тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты:

     Қоғамда даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатуға үйрету.

Міндеттері:

1.Медиацияның мәні мен маңызын түсіндіру;

2.Қатысушыларға дау шешудің балама жолдарын үйрету;

3.Қарым-қатынас мәдениетін, тыңдау және келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту;

4.Татуластырудың тиімді тәсілдерін тәжірибеде қолдануға баулу;

5.Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет құндылықтарын нығайту.

Кездесу барысында «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басшысы, заң ғылымдарының магистрі — Дастан Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі

Кездесу барысында Исламбек Дастанұлы оқушылармен жылы жүздесіп, өз сөзін достық пен өзара құрметтің өмірдегі маңыздылығын атап өтуден бастады. Ол қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түсіністік пен келісімнің рөлі ерекше екенін айтты.

Сондай-ақ оның айтуынша, медиация – бұл дауласқан екі тараптың өзара тыңдап, ортақ шешімге келуіне мүмкіндік беретін маңызды тетік. Медиация әдісі тек дау шешу құралы емес, сонымен қатар бейбіт қарым-қатынас орнатуға, достық пен сыйластықты сақтауға бағытталған мәдениет.

Ол оқушыларды әрқашан сабырлы, түсіністікпен және әділ болуға шақырды.

«Кикілжіңнен қашпаңдар, оны ақылмен шешуге тырысыңдар. Әр адам өз ойын ашық айтып, өзгелердің пікірін құрметтей білсе – сол кезде ғана нағыз достық пен татулық орнайды», – деді спикер өз сөзінде.

Сөз соңында ол медиацияның қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызын ерекше атап өтіп, оқушыларға өзара келісім мен мейірімділікті өмірлік ұстанымға айналдыруды тіледі.

Ұқсас жазбалар

Таразда жас қаламгерлердің шоғыры қалыптаспақ

admin123

«Жастар арасындағы қақтығыстарды шешуде медиацияның қолданылуы» мастер классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor