Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 13 қараша күні Сарысу ауданындағы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясында “Медиация дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді жолы” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты:
Оқушыларға медиация ұғымының мәнін түсіндіру, даулармен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәдениетінқалыптастыру, өзара түсіністік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Кездесу барысында «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басшысы, заң ғылымдарының магистрі — Дастан Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі
Медиация ұғымы – қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады деді.
Ол дау мен келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуді көздейтін, адамгершілік пен әділдікке негізделген құқықтық құрал ретінде қарастырылатына жайлы айтты.Сондай-ақ медиацияның қоғам мен жеке тұлға арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, оның басты қағидаларына – өзара сыйластық, бейтараптық, еріктілік және әділ шешім қабылдау принциптеріне тоқталды. Сонымен бірге, оқушыларға түсіністікке, сабырлылыққа және келісімге келу мәдениетіне тәрбиелеудің қажеттілігі жан-жақтытүсіндірілді.
Медиацияны меңгеру арқылы тұлғаның жауапкершілік деңгейі артып, өз көзқарасын мәдениетті түрде білдіруге және өзгелердің пікірін құрметтеуге үйренетіні айтылды. Кездесу барысында айтылған ойлар оқушыларға терең әсер қалдырып, бейбіт келісім мен өзара түсіністіктің қоғамдағы орны туралы түсініктерін кеңейтті. 
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды
