Жаңалықтар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында  “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025жылы 04 қараша күні Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінде  «Медиация бейбіт келесімге бастар жол» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

Оқушыларға медиацияның мәні мен қоғамдағы рөлін түсіндіру, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікке тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

  • Медиацияның құқықтық және адамгершілік негіздері туралы түсінік беру;
  • Оқушылар арасында келісім мен татулыққа шақыратын мәдениетті қалыптастыру;
  • Даулар мен келіспеушіліктерді шешудің тиімді тәсілдерін көрсету;
  • Өзара тыңдау, пікір алмасу және түсіністікке баулу.

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп, қоғамның дамуының басты шарттарының бірі – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметі екенін атап өтті. Ол осы бағытта «Медиация – бейбіт келісімге бастар жол» тақырыбында ұйымдастырылған шараның қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында спикер медиация ұғымының құқықтық және адамгершілік аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Медиацияның қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі маңызы атап өтіліп, нақты өмірлік мысалдар арқылы дауларды тиімді әрі бейбіт жолмен шешудің тәсілдерін  көрсетті. Сонымен қатар, медиацияның өзара келісімге келуді, тыңдай білуді және эмоцияны басқаруды үйрететін маңызды құрал екенінде түсіндірді.

Сондай-ақ  оқушыларға кез келген мәселені сабырмен қабылдап, өзара түсіністік пен сыйластық арқылы шешудің маңызы жеткізді. Ол  медиацияның басты мақсаты – жанжалды өршіту емес, екі тарапты ортақ келісімге келтіру екені ерекше атап өтті. Бұл қағидаттар қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтып, адамдар арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті арттыратының  айтты.

Қорытындылай келе, өткізілген шара оқушыларға медиацияның бейбіт келісім мен өзара түсіністікті сақтаудағы маңызын ұғындырды. Іс-шара қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, татулық пен сыйластыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

“Еркіндік мен теңдік әр адамның негізгі құқығы” тақырыбында мастер — классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Дәстүрлі дінімізді насихаттау» семинар — кездесу өтті

YouthUnion Redaktor

 “Құқықтық сауаттылық”акциясы өткізілді