Жаңалықтар

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ” кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 13 қараша күні Талас ауданындағы,Ахмет Байтұрсынов мектеп- гимназиясында Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ”  тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс- шара мақсаты:

Медиация институтының қоғамдағы рөлін арттыру, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызын түсіндіру және дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамыту.

Міндеттері:

1.Қазақстандағы медиация саласының қазіргі жағдайына талдау жасау;

2.Медиация туралы заңнаманы жетілдірудің бағыттарын айқындау;

3.Қатысушыларға құқықтық сауаттылық пен келіссөз мәдениетін қалыптастыру;

4.Дауларды шешуде медиаторлардың кәсіби рөлін арттыру;

5.Қоғамда татуластық пен өзара түсіністік құндылықтарын насихаттау.

Кездесу барысында «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басшысы, заң ғылымдарының магистрі — Дастан Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі

Кездесу барысында спикер қатысушыларға медиацияның қоғамдағы рөлін түсіндіріп, оның маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол қазіргі кезде даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің өзекті мәселе екенін, ал медиацияның осы процестегі рөлі зор екенін айтты.

Спикердің айтуынша, медиация тек дауды реттеу құралы емес, сонымен қатар адамдар арасындағы сенім мен түсіністікті нығайтатын мәдениет. Ол қатысушыларға дауды шешудің заманауи әдістерін үйрету, келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту, өз пікірін сабырмен жеткізу және өзгелердің ойын тыңдау керектігін түсіндірді.

  1. Сөзін түйіндей келе, спикер:«Татулық – елдің берік тірегі, ал медиация – сол татулыққа апаратын жол. Әрбір дау мен келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу – біздің ортақміндетіміз», – деп атап өтті.Сонымен қатар оқушылар мен қатысушыларға әрдайым сабырлы болуға, бір-бірін түсінуге және әділ шешім қабылдауға шақырды. Ол медиацияның тек заңдық құрал емес, сонымен бірге достық пен түсіністікті сақтаудың тиімді әдісі екенін ерекше айтты.

Ұқсас жазбалар

«Пробация  есебіндегі азаматтармен кездесу»

YouthUnion Redaktor

«Жамбыл облысындағы діни ахуалды зерттеу» жобасы аясында сауалнама жүргізу бастау алды

Қордайдағы пробация есебінде тұрған азаматтардың басын қосқан кездесу «Қоғам міндеті» тақырыбында өрбіді.