2025 жылдың 26 қыркүйек күні Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясатбөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысыаясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдықбірлестігінің ұйымдастыруымен Бетқайнарауылында колледж студенттерімен «Дін мен қоғам» атты танымдық кездесуұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынарасында дәстүрлі ислам құндылықтарындәріптеу, дін мен ұлттық мәдениеттіңсабақтастығын түсіндіру, сондай-ақ деструктивтідіни ағымдардың зиянын көрсету және оларғақарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру болды.
Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Даурен арнайы шақырылып, жастармен еркін форматта сұхбат жүргізді. Өзбаяндамасында имам қоғамдағы діннің рөлі мен жастардың рухани тәрбиесіне тоқталып, дәстүрмен діннің ажырамас байланысын кеңінентүсіндірді.
Имам Құттыбаев Даурен өз сөзінде:
«Ислам – бейбітшілік пен татулықтың, адамгершілік пен ізгіліктің діні. Қазақ халқыныңғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріислам қағидаларымен тығыз байланысты. Сол себепті біз дін мен дәстүрді бөліп қарастырмай, ұлт болмысын сақтай отырып, рухани тұрғыдандамуға ұмтылуымыз керек. Жастардың дінисауаты артып, дұрыс бағыттағы көзқарасықалыптасса, қоғамымызда бірлік пен тұрақтылықнығаяды», – деп атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар дін мен қоғам арасындағы өзекті мәселелер төңірегіндепікір алмасты. Жастар имамға түрлі сұрақтарқойып, исламдағы толеранттылық, адамгершілік, отбасы құндылықтары және радикалдыағымдардың зияны туралы жан-жақты ақпараталды.
Іс-шара аясында ұйымдастырушылардыңайтуынша, мұндай кездесулердің басты міндеті – жастардың рухани иммунитетін күшейту, дінсаласындағы білімін тереңдету және қоғамдағытұрақтылықты сақтауға үлес қосу.
«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігініңжетекшісі атап өткендей, жастармен жүйелі түрдетүсіндіру және ақпараттық кездесулер өткізуарқылы қоғамда дәстүрлі дін мен ұлттыққұндылықтарды ұлықтаудың маңызы зор.
Кездесу соңында қатысушылар имамғаалғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Көпшіліктің пікірінше, мұндай рухани бағыттағыіс-шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіпқана қоймай, оларды отансүйгіштікке, ізгіліккежәне қоғамдағы жауапкершілікке тәрбиелейді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларғаақпараттық материалдар таратылып, алдағыуақытта осы бағыттағы жобаларды жалғастыружоспарланғаны айтылды.
