Жаңалықтар

«Деструктивті діннің таралуы» атты жастармен ашық диалог өтті

29 қыркүйек 2025 жыл, Бетқайнар ауылы, Қордай ауданы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнарауылы әкімдігінің ішкі саясат бөлімініңмемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігініңұйымдастыруымен «Деструктивті дінніңтаралуы» атты жастармен ашық диалог алаңыөткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсатыжастарарасында дәстүрлі ислам құндылықтарыннасихаттау, дін мен ұлттық дәстүрдіңүйлесімін түсіндіру, сондай-ақ деструктивтідіни ағымдардың алдын алу және руханитұрақтылықты нығайту болды.

Кездесуге арнайы шақырылған Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дауренжастармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, қазіргітаңда қоғамда белең алып келе жатқан дінимәселелерге, теріс ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін зияндарына кеңінентоқталды.

Өз сөзінде имам Құттыбаев Даурен:

«Ислам – бейбітшілік пен мейірім діні. Дінніңатын жамылып, халықты адастыратынағымдардың басты мақсаты – ел ішіне іріткі салу. Сондықтан әрбір жас өз діни білімін сенімдідереккөздерден алып, дәстүрлі жолды ұстануыкерек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам құндылықтары өзара үндесіп, бір-бірінтолықтырып келеді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар ол жастарды руханитазалыққа, білімге ұмтылуға және дінгеқатысты мәселелерде сабыр мен парасаттанытуға шақырды.

Ашық диалог барысында қатысушыларимамға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дін мен қоғамның өзара байланысы, жастардың діни сауатын арттыру, жәнеинтернет арқылы таралатын терісидеологиядан сақтану жолдары жайлы пікіралмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндайкездесулердің басты міндетіжастардың руханииммунитетін қалыптастыру, деструктивтіағымдарға қарсы саналы көзқарасқалыптастыру және ұлттық құндылықтарғанегізделген мемлекетшіл ұрпақ тәрбиелеуболып табылады.

Кездесу соңында қатысушылар имамғаризашылықтарын білдіріп, дін мен дәстүрдіңбірлігін сақтау – ел тұрақтылығының кепіліекенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Әдебиетке талапты Таластық оқушылар тартысқа түсті

Мемлекеттік емес грант жеңімпазы анықталды

Талас ауданында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor