Жаңалықтар

Нашақорлық пен құқұқ бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рөлдік ойындар өткізілді

2026 жылғы 28 қыркүйек күні Шу ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Рөлдік ойындар» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.

Іс-шараны «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджерлері Марал Хантөреқызы мен Еркін Әбдиев жүргізді. Кездесу барысында жастарға нашақорлық пен құқық бұзушылықтың адам өміріне тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді.

Рөлдік ойындар барысында қатысушыларға өмірде кездесуі мүмкін түрлі жағдаяттар ұсынылып, жастар өздеріне берілген рөлдерді сомдады. Әрбір көрініс арқылы нашақорлыққа әуестенудің, теріс ортаға ерудің және құқық бұзушылық жасаудың салдары көрсетілді.

Марал Хантөреқызы жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына ғана емес, оның отбасына, жақындарына және болашағына кері әсер ететінін айтып, кез келген теріс ықпалдан аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар бос уақытты тиімді пайдаланып, спортпен, шығармашылықпен және пайдалы істермен айналысудың маңыздылығын атап өтті.

Еркін Әбдиев өз кезегінде құқық бұзушылықтың салдарына тоқталып, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндірді. Ол әр адамның өз әрекетіне жауапты екенін айтып, жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақырды.

Сондай-ақ жастарға есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа тигізетін зияны, тәуелділікке әкелу қаупі және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді.

Рөлдік ойындар барысында қатысушылар әрбір жағдаяттың себебі мен салдарын талдап, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Жастар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша пікір алмасты.

Іс-шара соңында қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, жастардың сұрақтарына жауаптар берілді. Қатысушылар өздеріне берілген рөлдер арқылы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың адам өміріне тигізетін кері әсерін жақсырақ түсінгендерін атап өтті.

Кездесу барысында жастарға «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Заңды құрметте – өз болашағыңды қорға!», «Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі!» деген ұстанымдар жеткізілді.

Аталған іс-шара жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды саналы шешім қабылдауға тәрбиелеуге бағытталды.

Ұқсас жазбалар

«Jar-IQ» атты интеллектуалды ойын

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

В городе Тараз начался прием заявок на конкурс малых грантов «Ортақ мүдде»

YouthUnion Redaktor