Жаңалықтар

 “Студенттер үшін келіссөздер өнері және медиация тәжірибесі”

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласында  оку орындарында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар дәрістерді ұйымдастыруда.

Негізгі мақсаты – жастарға келіссөздер жүргізудің заманауи әдістерін үйрету, жанжалдарды тиімді шешудің жолдарын көрсету және медиация институтының қоғамдағы маңызын түсіндіру болды.

Міндеттері:

 1 Келіссөздер жүргізудің негізгі қағидаларын үйрету;

2.Медиация тәжірибесін практикалық тапсырмалар арқылы көрсету;

3. Студенттердің сыни ойлау, тыңдай білу және өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру;

4. Құқықтық мәдениетті нығайтуға үлес қосу.

17 кыркүйек 2025 жылы заңгер  Жұмажанова Раушан Ескермесқызының қатысуымен  “Студенттер үшін келіссөздер өнері және медиация тәжірибесі” тақырыбында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі  және Тараз»Парасат» жоғары колледждерінде дәріс өткізілді.

Дәріс барысында заң саласының маманы  Раушан Ескермесқызының медиация мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол медиацияның құқықтық мәдениетті орнықтырудағы орны ерекше екенін айтып, қоғамда туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жүгінбей-ақ шешудің тиімді жолдарын түсіндірді. Сонымен бірге, жастардың өзара келіссөз жүргізу қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті қажеттілігі екенін атап өтті.

Студенттер  үшін медиация тәжірибесінің кәсіби тұрғыдан да, тұлғалық дамуда да үлкен маңызы бар екеніне тоқталды. Оның пікірінше, мұндай дәрістер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді

Дәріс  барысында студенттер заңгерге сұрақ қойып,жауаптар берілді.

«Медиация – тек заң саласында ғана емес, кез келген ортада қажет құрал. Келіссөз жүргізу қабілетін шыңдау – болашақ табыстың кілті», – деп атап өтті.

Белгілі заңгердің айтуынша , мұндай кездесулер студенттердің заңға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауда көмектеседі.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында «Ой шебері» зияткерлік ойын өтті»

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor