Жаңалықтар

«Жамбыл облыстық медиаторлар форумы 2025» өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оқу орнында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар форум ұйымдастырылды

Мақсаты:

Жамбыл облысында медиация институтын дамыту, қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және кәсіби медиаторлардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Медиацияның қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау;
  • Дауларды сотқа дейін шешудің тиімді жолдарын талқылау;
  • Қоғамда бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру;
  • Мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және медиаторлар арасындағы     өзара іс-қимылды күшейту.

29 қазан 2025 жылы  Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Джаналиев Сағат Сәрсенбайұлы  және Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының  қатысуымен «Жамбыл облыстық медиаторлар форумы 2025» тақырыбында «Тараз Болашақ» медициналық колледжінде форум өткізілді.

 

Іс-шараның модераторы  Аяулым Жаңабекқызы форумның ашылу сөзін айтып, оның маңыздылығына тоқталды.. Ол медиацияның қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы маңызына тоқталып, бұл институттың өзара түсіністік пен сенім мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Форум барысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Сағат Сәрсенбайұлы Джаналиев өз сөзінде медиацияның адам құқықтарын қорғаудағы және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол: «Медиация – бұл тек дау шешудің тетігі ғана емес, адамдар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің белгісі. Қоғамдық келісім мен әділдік орнауы үшін әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті жоғары болуы қажет. Бұл бағытта медиаторлардың еңбегі зор», – деді.

Сонымен қатар  Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Алия Арзымбетова өз сөзінде медиацияның сотқа дейінгі дауларды шешудегі тиімділігін және құқықтық мәдениетті арттырудағы рөлін атап өтті.Адвокаттың айтуынша, медиация қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға зор ықпал етеді.Алия Арзымбетова кәсіби медиаторлардың еңбегіне жоғары баға беріп, олардың адамгершілік ұстанымдары мен кәсібилігі бейбітшілік пен татулықты қамтамасыз етудің маңызды негізі екенін атап өтті.Сондай-ақ ол медиация институтының дамуы құқықтық мемлекетті нығайтуға және қоғамда әділдік пен келісім мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

Қорытындылай келе, форум өңіріміздегі медиаторлардың кәсіби дамуына серпін беріп, қоғамда татулық пен өзара түсіністікті нығайту жолында жаңа мүмкіндіктер ашты.Мұндай кездесулер медиация институтының маңызын арттырып, халық арасында бітімгершілік мәдениетін кеңінен насихаттауға жол ашады.

Ұқсас жазбалар

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

YouthUnion Redaktor

«Медиация татулық пен түсініктін кілті» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Менің құқықтарым – менің міндетім»

YouthUnion Redaktor