Жаңалықтар

Дін және мемлекет

Шу ауданында жастар арасында зайырлылық қағидаттарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыни ойлау мәдениетін дамыту мақсатынды «Дін және мемлекет» атты оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жастардың діни сауаттылығын арттырумен қатар, олардың шешендік қабілетін шыңдап, өзекті қоғамдық мәселелер бойынша еркін пікір білдіру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. 

Турнирдің ұйымдастырушысы — «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болса, тапсырыс беруші ретінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мекемесі қолдау көрсетті. 

Іс-шараға аудан жастары белсенді қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін ортаға салды. Сонымен қатар, шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары  “Sunqar” волонтерлық қозғалысының негізін қалаушы, кіші гранттар жеңімпазы, жастар көшбасшысы Еркін Әбдиев қатысып, жастарға қолдау білдірді.

Пікірсайыс турнирі ашық пікір алмасу, командалық сайыс форматында өтті. Қатысушылар дін мен мемлекеттің арақатынасы, зайырлы қоғамның маңызы, жастардың діни сауаттылығы және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғап, өз көзқарастарын дәлелді түрде жеткізе білді. Турнир барысында оқушылардың білім деңгейі, шешендігі мен сыни ойлау қабілеттері жоғары бағаланды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталды. 

«Альфа» тобы бойынша:

Бас жүлде — Сейтқазы Ерасыл, Ералы Мұхамеджан

I орын — Ертайқызы Еркеназ, Наурызбай Мерей

II орын — Серік Нурила, Асылбекқызы Асем

III орын — Төлеген Кәусар, Әбдреш Сезім

Үздік төреші — Сейтхожа Жансая

«Векта» тобы бойынша:

Бас жүлде — Қайсар Диана, Дүйсенбай Кәусар

I орын — Диана, Асаин Інжу

II орын — Асылдин Жаннұр, Мадияр Нұртас

III орын — Санат Кәусар, Аханова Гүлсім

Үздік төреші — Батырхан Еркебұлан Асылханұлы

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Турнир барысында қатысушылар тек білімдерін ғана емес, өзара сыйластық пен командалық ынтымақтастықтың үлгісін көрсете білді.

Осындай мазмұнды іс-шаралар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың азаматтық көзқарасының қалыптасуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, зайырлы мемлекет қағидаттарын кеңінен түсіндіруге және жастар арасында діни экстремизм мен радикалды көзқарастардың алдын алуға ықпал етеді.

«Дін және мемлекет» атты пікірсайыс турнирі — білім мен ой ұшқырлығы тоғысқан тартысты дода болды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған осындай игі жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Білімді ұрпақ — ел болашағының кепілі. Сондықтан жастардың еркін ойлап, сауатты пікір білдіруіне мүмкіндік беретін мұндай шаралардың маңызы зор. Барша жеңімпаздар құттықтап, алдағы уақытта сәттілік пен толағай табыс тілейміз! 

Ұқсас жазбалар

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ” кездесуі

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

YouthUnion Redaktor

«Адал азамат – белсенді қоғам атты» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру жобасы өтті

YouthUnion Redaktor