Жаңалықтар

Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам тұрақтылығының кепілі

“Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам тұрақтылығының кепілі” тақырыбында конференция өтті

2026 жылғы 6 мамыр күні сағат 14:30-де Жаңатас қаласында “Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам тұрақтылығының кепілі” тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Аталған конференцияны «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Ал тапсырыс беруші ретінде «Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мекемесі қолдау көрсетті. Іс-шараға аудан жастары, білім саласының мамандары, қоғам белсенділері және еріктілер қатысты.

Конференция барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін зияны және алдын алу жолдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Әсіресе жастар арасындағы буллинг, кибербуллинг, психологиялық қысым көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері кеңінен қозғалды. Спикерлер мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылық пен психологиялық қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті.

Іс-шараға арнайы қатысқан Алпысбаева Жанар Садыковна — Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологы жастармен психологиялық тұрақтылық, эмоциялық мәдениет және қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы мазмұнды баяндама жасады. Ол қазіргі қоғамда психологиялық қолдау көрсету жұмыстарының маңызы артып отырғанын айтып, жастарды өзара сыйластыққа, сабырлылыққа және кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың қоғамдағы тұрақтылыққа оң әсер ететінін ерекше атап өтті.

Конференция барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында пікір алмасты. Жастар тарапынан психологиялық көмек көрсету орталықтарының жұмысын күшейту, түсіндіру кездесулерін жиі өткізу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Іс-шара аясында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екені кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар жастар тәрбиесінде отбасының, мектептің және қоғамдық ұйымдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар адам құқықтарын құрметтеу, өзара түсіністік пен ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру қоғам дамуының негізгі кепілі екені айтылды.

Конференция соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, осындай тәрбиелік маңызы бар кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. “Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам тұрақтылығының кепілі” тақырыбындағы конференция жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Ұқсас жазбалар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

YouthUnion Redaktor

BIRGEMIZ: ASYL MURA

YouthUnion Redaktor

Қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақ

YouthUnion Redaktor