Жаңалықтар

«Қауіпсіз үй» интерактивті квесті

2026 жылғы 8 мамыр күні Шу ауданында жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және олардың жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз үй» интерактивті квесті ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, командалық жұмыс арқылы ұйымшылдықты арттыру және қауіпсіз орта мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі. Ал тапсырыс беруші ретінде Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мекемесі қолдау көрсетті.

Қазіргі қоғамда жастардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы мен төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білуі аса маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Қауіпсіз үй» интерактивті квесті қатысушыларға қызықты әрі танымдық форматта ұсынылды. Квест барысында жастар бірнеше кезеңнен өтіп, өздерінің жылдамдығын, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін және командалық үйлесімділігін көрсетті.

Квест жүргізушісі ретінде JarIQ интеллектуалды ойынының авторы Әбуәлі Мұхтарәлі Мұратұлы арнайы шақырылды. Ол ойынның әр кезеңін ерекше форматта ұйымдастырып, қатысушылардың белсенділігін арттыра білді. Сонымен қатар, жастарға қауіпсіздік мәдениеті, жауапкершілік және командалық жұмыс туралы маңызды ақпараттар берілді.

Іс-шара бес кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен тәрбиелік маңызы болды.

Бірінші кезең — «Викторина» 

Екінші кезең — «Мұз бинго»

Үшінші кезең — «Тез тап» 

Төртінші кезең — «Ой-лайк» 

Бесінші кезең — «Зерек» 

Іс-шара барысында жастар белсенділік танытып, әр кезеңге ерекше қызығушылықпен қатысты. Командалық форматтағы ойын қатысушылардың өзара сенімін нығайтып, ортақ мақсатқа бірге жетудің маңызын көрсетті. Сонымен қатар, интерактивті тапсырмалар жастардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға көмектесті.

Квестке арнайы қатысқан Намелбек Азамат — «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті жастармен кездесіп, мұндай іс-шаралардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Ол жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — болашақтың берік кепілі екенін айтып, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор жобалар жалғасатынын жеткізді.

«Қауіпсіз үй» интерактивті квестінің басты мақсаты — жастар арасында қауіпсіз орта мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және командалық жұмыс арқылы ұйымшылдықты дамыту болды. Іс-шара барысында қатысушылар тек ойын ойнап қана қоймай, өмірде қажетті болатын маңызды дағдыларды меңгерді.

Бүгінде жастардың қауіпсіздікке деген саналы көзқарасын қалыптастыру — қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Себебі қауіпсіздік мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол жастар — тұрақты әрі дамыған қоғамның негізі. Осындай интерактивті форматтағы іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың өмірлік дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етеді.

«Қауіпсіз үй» интерактивті квесті қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың қауіпсіздікке деген көзқарасын нығайтуға мүмкіндік берді. Жастар іс-шара барысында жаңа тәжірибе жинап, командалық жұмыстың маңызын терең түсінді.

Ұқсас жазбалар

“Медиация институтының қоғамдағы рөлі” кездесуі

Заң заман талабы

YouthUnion Redaktor

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті