Жамбыл облысынын ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ -мен 2025 жылы 15 тамыз күні Қордай ауылы “Мәдениет үйінде” ауыл тұрғындары мен “Пробация есебіндегі азаматтармен” құқықтық қызметтерге байланысты еркін форматта кездесу өткізілді
Іс-шараның мақсаты: “Азаматтарға пробация туралы дұрыс, түсінікті және қолжетімді ақпарат ұсыну”
Міндеттері:
- Азаматтарға құқықтары мен міндеттері жөнінде толыққанды түсінік беру;
- Әлеуметтік қолдау мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру;
- Еңбекке орналасу, білім алу және кәсіптік дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру;
«Жамбыл Облысы Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлістігінің Президенті» Қ.Әбдиевтің сөзі:Қатысушы ауыл тұрғындарымен сәлемдесіп,кездесудің басты тақырыбымен таныстырып,пробация,азаматтар құқықтары тақырыбында түсіндірме жүргізіп, ақпапаттар берді.Кездесу қатысушылардың мамандарға сауалдар жолдауымен жалғасып, мамандар тарапынан жеке кеңестер берілді.
Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облысының заң Палатасының мүшесі Джумажанова Раушан Ескермесованың сөзі:
Қоғамда әрбір азаматтың заңға бағынуы, құқықтары мен міндеттерін білуі – тұрақтылық пен тәртіптің кепілі екенін айтты.Пробация – бұл сот үкіміне байланысты адамның қатаң қамауға алынбай, бақылауда болуын білдіретін құқықтық тәртіп екенін түсіндірді.Сонымен қатар, әлеуметтік көмек түрлері, мемлекеттік бағдарламалар, еңбекке орналасу мүмкіндіктері жайында толық ақпарат ұсынды.
Жиын соңында мамандар қайта құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына тоқталып, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін еске салды. Қатысушыларға заң тұрғысынан жан- жақты бағыт-бағдар беріліп, тұрмыстық мәселелерді шешуге байланысты пайдалы ұсыныстар айтылды. Шара соңында пробация қызметінің өкілдері: «Мұндай кездесулердің негізгі міндеті – азаматтардың қоғамдағы орны мен міндеттері,жеке құқықтарын қорғауға және түрлі сипаттағы қылмастың алдын алуға мүмкіндік беретіндігін айтып,әр азамат ҚР азаматы ретінде құқықтарының қорғалуы басты мақсат екенін айтты.
