Жаңалықтар

BIRGEMIZ: QAMQOR

2026 жылдың сәуір айының 14 жұлдызында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдиев Еркін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «BIRGEMIZ: QAMQOR» жобасы аясында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мұқтаж жандарға көмек көрсету бағытындағы волонтерлік қызметті насихаттау болды.

Шара барысында студенттерге «BIRGEMIZ: QAMQOR» жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның қоғамдағы маңызы кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету, аз қамтылған отбасыларға қолдау жасау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік және тұрмыстық жәрдем беру, сондай-ақ қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру жұмыстары жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара аясында еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлі мен оның жастардың жеке тұлғалық дамуына тигізетін оң әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттерге мейірімділік, жанашырлық және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Нәтижесінде білім алушылар аталған жобаға қызығушылық танытып, алдағы уақытта ұйымдастырылатын қайырымдылық акцияларына және әлеуметтік бағыттағы волонтерлік іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Іс-шара жастардың бойында қайырымдылыққа деген құрметті арттырып, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.

Ұқсас жазбалар

«Сабыр және құқық» акциясы өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» лигасы І ойыны өтті

YouthUnion Redaktor

Жастар бастамасына қолдау – болашаққа инвестиция: «Ақ Сұңқар» қоғамдық бірлестігінің жарқын жобалары