Жаңалықтар

«Жастар арасындағы қақтығыстарды шешуде медиацияның қолданылуы» мастер классы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оқу орнында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін бірқатар мастер-классы ұйымдастырылды

Мақсаты:

Жастардың жанжал жағдайларын дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыру, медиация әдістерін тәжірибе арқылы үйрету және қарым-қатынаста сабырлы, тиімді шешім қабылдау мәдениетін дамыту.

Міндеттері:
1. Қатысушыларға медиацияның мәні мен маңызын түсіндіру.
2. Жанжалдың негізгі түрлері мен оның шығу себептерін талдау.
3. Медиацияның кезеңдері мен қағидаларын таныстыру.
4. Қақтығыстарды шешуде тиімді коммуникация тәсілдерін үйрету.
21 кыркүйек 2025 жылы заңгер Арзымбетова Алия Исмадильдақызының қатысуымен «Жастар арасындағы қақтығыстарды шешуде медиацияның қолданылуы»тақырыбында Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі колледжінде  мастер- класс өткізілді.
Алия Арзымбетова мастер-класс барысында жастарға медиацияның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндірді. Ол өз сөзінде медиацияның негізгі артықшылықтарына тоқталып, жанжалды тиімді басқарудың бүгінде аса қажетті дағды екендігін атап өтті.

Алия Исмадильдақызының айтуынша, медиация – тараптардың бір-бірін тыңдап, өз ойы мен ұстанымын ашық жеткізуіне, сондай-ақ ортақ шешімге ерікті түрде келуіне мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оның пікірінше, бұл әдіс жастарға тек қақтығыстарды шешу ғана емес, сонымен қатар сабырлылық, өзара құрмет және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі.

Спикер бүгінгі кездесуде қатысушылармен жанжалдың шығу себептері, медиация кезеңдері және тиімді коммуникация тәсілдерін талқылағанын атап өтті. Сондай-ақ ол жастардың белсенділігіне, олардың қарапайым диалог арқылы күрделі мәселелерге шешім табуға қабілетті екеніне ризашылығын білдірді.

Ұқсас жазбалар

«Пробация есебіндегі азматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті