Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен Адам құқықтары күніне орай «Құқықтық мәдениет – өркенетті елдін белгісі» тақырыбында конференция ұйымдастырылды
Мақсат
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында адам құқықтары туралы түсінікті кеңейту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ету.
Міндеттер
Жастарға адам құқықтарының мәні, маңызы және оларды қорғаудың құқықтық тетіктері туралы ақпарат беру;
Құқықтық мәдениет пен заңға құрметті насихаттау;
Адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттармен таныстыру;
25 қараша 2025 жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Джаналиев Сағат Сәрсенбайұлы қатысуымен «Құқықтық мәдениет – өркенетті елдін белгісі» тақырыбында Тараз сервис және технология колледжінде конференция өткізілді.
Іс-шараның модераторы Аяулым Жаңабекқызы конференциянын ашылу сөзін айтты
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Сағат Сәрсенбайұлы Жаналиев шара барысында адам құқықтарының қорғалуы мен қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі кез келген мемлекеттің өркениеттілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.
Спикер өз сөзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ұлттық тетіктері, құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары және құқықтық ағарту жұмыстарының жастар үшін маңызы туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сағат Сәрсенбайұлы жастарды өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге, құқыққа құрметпен қарауға және қоғамның құқықтық мәдениетін көтеруге белсенді атсалысуға шақырды. Оның айтуынша, құқықтық білім – кез келген азаматтың өзін және өз ортасын қорғаудың ең тиімді құралы.
