Жаңалықтар

Арыстанды ауылында жастар арасында заң мен тәртіпті насихаттауға арналған мини-футбол турнирі өтті

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы — Арыстанды ауылында жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мини-футболдан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ұйымдастыруымен өткізілді.
Турнирге ауыл жастарынан құралған 4 команда қатысып, шеберлігі мен жанкүйерлік рухын көрсетті. Жарыс барысы қызу бәсекеде өтіп, ойыншылар арасында достық пен адалдық рухы сақталды.
Іс-шараны тамашалауға және өз ауылдастарын қолдауға ауыл тұрғындары да белсене атсалысты — трибунада жанкүйерлер қолдау көрсетіп, спорттық шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шаралардың ауыл жастарын құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке және салауатты өмір салтына тартудың тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтті. Осындай кездесулер аймақ ауылдары бойынша жалғасын таппақ.

 

Ұқсас жазбалар

2026 жылғы 8 қазанда Облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында «Бір алаң — бір мақсат» атты достық футбол кездесуі өткізілді

YouthUnion Redaktor

«JASTAR» дамыту орталығы: жастар бастамаларын қолдауға бағытталған ұйым

YouthUnion Redaktor

Жаңатаста жастарға арналған діни-ағарту семинары өтті