Жаңалықтар

Талас ауданында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Талас ауданында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы   ұйымдастырды

2025 жылғы 13 қараша күні «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басшысы, заң ғылымдарының магистрі — Дастан Исламбек Дастанұлы қатысуымен медиация мәселелері бойынша кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Кеңес барысында қатысушыларға медиация институтының мәні, оның қоғамдағы рөлі және жанжалдарды реттеудегі маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Медиацияның құқықтық базасы, кезеңдері, тараптар арасындағы келісімге келу тетіктері мен өзара түсіністікті қалыптастыру әдістері туралы нақты ақпарат берілді.

Screenshot

Сонымен бірге, медиатор дауларды соттан тыс шешудің артықшылықтарына тоқталып, тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарапайым әрі түсінікті форматта түсіндірді. Қатысушылар медиацияның уақытты үнемдеу, шығындарды азайту және екі жаққа да тиімді шешім табуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кеңес беру бейресми және ерікті түрде өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде туындайтын даулы жағдайлар бойынша тәжірибелік кеңестер алды. Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы медиацияның қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, медиатор тарапынан пайдалы ұсыныстар берілді.

 

Ұқсас жазбалар

Сарысу ауданында Абай атындағы орта мектебінде «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті

Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Пробация есебіндегі азматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor