Жаңалықтар

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылында «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті

«Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойыны Жуалы ауданы орта білім білім беру ұйымдарынан 30 топ қатысып, жүзден астам оқушы бақтарын сынады.

Ойында Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты», «Ай мен Айша» романы, Б.Момышұлы «Алыстан сәлем жолдаймын», Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», К.Ахметова «Бақ» өлеңдер жинағы сұрақтар қойылды. Қатысушылар Шерхан Мұртазаның. шығармаларынан жоғары ұпай жинаған.

2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.
Ойынға арнайы Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева алғы сөйлеп, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, Журналисттер одағының мүшесі, білім беру ісінің үздігі Дәулетжан Жамалбекұлы батасын берді.

Шараның мақсаты “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.

Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырды.

Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар (А.Кеңшілікұлы «Cөз патшасы», Д.Исабеков «Қарғын», Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа», ⁠К.Ахметова «Құт») таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.

 

 

Ұқсас жазбалар

Жастар ұйымдарының Қауымдастығына жаңа басшысы тағайындалды

«Зорлық — зомбылықсыз отбасы — бақыт мекені» тақырыбында форум өтті

«Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» атты оқыту семинары өтті