Жаңалықтар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 06 қараша күні Шу аудандағы №40 мектеп-лицейінде «Медиация бейбіт келесімге бастар жол» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

Оқушыларға медиацияның мәні мен қоғамдағы рөлін түсіндіру, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

▪ Медиацияның құқықтық және адамгершілік негіздері туралы түсінік беру;
▪ Оқушылар арасында келісім мен татулыққа шақыратын мәдениетті қалыптастыру;
▪ Өзара тыңдау, пікір алмасу және түсіністікке баулу.

Іс-шара модераторы «Жамбыл облысы Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлістігінің Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп, қоғамның дамуының басты шарттарының бірі – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметі екенін атап өтті. Ол осы бағытта «Медиация – бейбіт келісімге бастар жол» тақырыбында ұйымдастырылған шараның қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Бүгінгі таңда қоғамда өзара түсіністік пен татулықтың маңызына ерекше тоқталды.Медиацияның мәні мен маңызын түсіндіріп, оның дау-жанжалдарды шешудің тиімді құралы екенін атап өтті. Медиация – тек заң саласында ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруға бағытталған мәдениет екенін айтты.Сондай-ақ медиацияның негізгі мақсаты – келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу, екі тарапты да ортақ келісімге әкелу екенін ерекше атап өтті. Ол сонымен қатар оқушыларды өз ортасында сабырлылық танытып, бір-бірін тыңдауға және сыйлауға шақырды.Кездесу соңында оқушылар IMG_3121 медиацияның өмірде қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз ойларымен бөлісті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында татулық пен келісім мәдениетін қалыптастыру болды.

Ұқсас жазбалар

«Ай астындағы тұмса жыр» атты поэтикалық кеші өтті

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті

Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor