Жамбыл облысынын ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ -мен 2025 жылы 15 тамыз күні “Әлжан ана” ауылы мәдениет үйінде ауыл тұрғындар арасында “Құқықтық сауаттылық — әділ қоғам негізі” атты кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және әділ қоғам құру жолында азаматтардың құқықтары мен міндеттерін терең түсіндіру.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасындағы негізгі құқықтар мен бостандықтар туралы түсінік беру;
- Әрбір азаматтың қоғам алдындағы негізгі міндеттерін түсіндіру;
- Құқықтық мәдениетті дамыту арқылы заң бұзушылықтың алдын алу;
- Жастардың құқықтық білімін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
- Құқық пен міндеттің өзара байланысын көрсету және оны күнделікті өмірде қолдануға үйрету;
Іс-шара мотерторы «Жамбыл Облысы Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы Заңды Тұлғалар Бірлістігінін Президенті» Қ.Әбдиевтің сөзі:
Іс шара қатысушыларымен сәлемдесіп,қоғамның дамуының басты шарттарының бірі – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметі екенін, осы мақсатта «Құқықтық сауаттылық – әділ қоғам негізі» тақырыбында кең көлемді іс-шара ұйымдастырылғанын айтты.Іс-шараға жергілікті билік өкілдері, заңгерлер, ұстаздар, студенттер мен жастар қатыстырылды. Жиын барысында модератор құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөліне тоқталып,құқықтық сауаттылық — әділ қоғам негізі қауіпсіз және дамыған мемлекет,құқығын білетін азамат екенін айтып, сол арқылы қоғам тұрақтылығы артатынын атап өтті.
Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облысының заңгерлер Палатасының мүшесі Джумажанова Раушан Ескермесованың сөзі:
Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңнамалық актілерде бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар туралы толық ақпарат берілді. Әсіресе, жастардың білім алу құқығы, еңбек ету құқығы, жеке басының қауіпсіздігі, сөз бостандығы секілді негізгі құқықтары талқыланды. Сонымен қатар, әрбір азаматтың заңға бағыну, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуі, табиғатты қорғау, салық төлеу, Отанды қорғау сияқты міндеттері де кеңінен түсіндірді.Шараға қатысқан жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Әсіресе, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу , еңбек құқықтары және студенттердің заң алдындағы міндеттері жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Іс-шара соңында қатысушылар: «Құқықтық сауаттылық – әділ әрі өркениетті қоғам құрудың басты кепілі» деген ортақ ойды түйіндеді. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоғамда заңға деген сенімдерін нығайтатыны сөзсіз.
