Жаңалықтар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025жылы 06 қараша күні Шу аудандағы Төле би атындағы орта мектебінде «Медиация бейбіт келесімге бастар жол» тақырыбында мектеп мұғалімдер арасында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

Мұғалімдер арасында медиацияның мәнін түсіндіру, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің әдістерін көрсету және мектептегі түсіністік пен ынтымақтастық мәдениетін дамыту.

Міндеттер

1.Мұғалімдерге медиацияның негізгі қағидалары мен артықшылықтарын таныстыру.

2.Оқушылар арасындағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жолдарын көрсету.

3.Сабырлылық, өзара сыйластық және келісім мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық кеңестер беру.

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп ,кездесудің негізгі мақсаттарын таныстырып өтті.

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында медиацияның маңыздылығын атап өтіп, мұғалімдерге дауларды сабырлылықпен, өзара құрметпен шешудің әдістерін түсіндірді. Ол медиацияның тек оқушылар арасындағы қақтығыстарды реттеуге емес, сонымен бірге мектептегі түсіністік пен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын айтты.Сондай –ақ педагогтарды әр жағдайға әділ қарап, оқушыларды тыңдап, ортақ шешімге жетуге үйретуге шақырды. Кездесу барысында қатысушылар практикалық кеңестер алып, медиацияны күнделікті жұмыс тәжірибесінде қолданудың маңыздылығын түсінді.

Қорытындылай келе , кездесу мұғалімдерге медиацияның маңыздылығын көрсетіп, мектептегі түсіністік пен келісімді арттыруға сеп болды.

Ұқсас жазбалар

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor