Жаңалықтар

 “Құқықтық сауаттылық”акциясы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оқу орнында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар акция ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және өз құқықтары мен міндеттерін қорғауға бағытталған білімін жетілдіру.

Міндеттері:

Қатысушылардың құқықтық білімін кеңейту;

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;

Азаматтардың өз құқықтарын қорғауға деген белсенді ұстанымын қалыптастыру.

 

20  қазан 2025 жылы  Жамбыл облыстық  адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова  Алия Исмадильдақызының қатысуымен  “Құқықтық сауаттылық” тақырыбында  Жамбыл политехникалық жоғары  колледжінде акция өткізілді.

Іс-шараның модераторы  Жанабекқызы Аяулым акцияның ашылу сөзін айтып, оның маңыздылығына тоқталды. Ол құқықтық сауаттылық әрбір азаматтың қоғамдағы өз орнын дұрыс түсініп, заң алдындағы жауапкершілігін сезінуінің кепілі екенін атап өтті.

Акция барысында Алия Исмадильдақызы қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңыздылығын түсіндірді. Спикер өз сөзінде құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі рөліне ерекше назар аударып, әр азаматтың заңды білуі мен оны құрметтеуі — елдің тұрақтылығы мен дамуының маңызды көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың күнделікті өмірдегі маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, өз құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдері жөнінде құнды кеңестер берді.

Акция барысында бейнеролик көрсетіліп, онда заңға бағынудың, әділдік пен жауапкершілікті сақтау арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары көрініс тапты. Бұл бейнематериал қатысушылардың құқықтық түсінігін кеңейтіп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттырды.

Қорытындындылай келе, құқықтық сауаттылық акциясының жастарға берер пайдасы айқын көрінді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, заң алдындағы жауапкершілікті сезінді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

«Шұғыл желілердің» тұрақты жұмысын ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor

Creativ Hub шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

YouthUnion Redaktor

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor