Жаңалықтар

«Сабыр және құқық» акциясы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оқу орнында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар «Сабыр және құқық» акциясы ұйымдастырылды

Мақсаты

Азаматтарға қиын немесе даулы жағдайларда эмоцияны бақылау, сабыр сақтау, және өз құқықтарын дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

 

Міндеттері

  1. Қатысушыларға эмоциялық тұрақтылықты сақтау жолдарын көрсету.
  2. Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті психологиялық дағдыларды үйрету.
  3. Азаматтық және құқықтық сауаттылықты арттыру.
  4. Қатысушылардың өз құқығын білуі және даулы жағдайларда оны тиімді қорғауы үшін практикалық кеңестер беру.

 

22 казан 2025 жылы психолог Мелдебекова Ұлдана Серікбайқызының қатысуымен  «Сабыр және құқық» тақырыбында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде акциясы өткізілді.

 

Психолог акция барысында азаматтарға сабыр сақтаудың және эмоцияны бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, кез келген даулы немесе күтпеген жағдайда адамның ішкі тыныштығы мен байсалдылығы дұрыс шешім қабылдауға тікелей әсер ететіндігін айтты. Сонымен қатар эмоцияны басқара алған адамның өз ойын анық жеткізе алатынын, жағдайды нақты бағалайтынын және қажетсіз жанжалдан аулақ бола алатынын айтты.

Сондай ақ, психолог акция барысында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы психологиялық ойындарын  ойнатты. Бұл ойындар адамдарға өз эмоцияларын бақылау, бір-бірін тыңдау және қарым-қатынаста сабырлы болуды тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретіндігі жайлы айтты .Бұндай ойындар арқылы қатысушылардың өз мінез-құлқын түсіну қабілеті артатынын және даулы жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдылары қалыптасатынын жеткізді.

Психологтың айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтарда құқықтық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді, себебі эмоцияны бақылау, сабыр сақтау және мәдениетті қарым-қатынас – даулы жағдайлардың алдын алуға көмектесетін негізгі психологиялық дағдылардың бірі болып табылады.

Ұқсас жазбалар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

Жастар бастамасына қолдау – болашаққа инвестиция: «Ақ Сұңқар» қоғамдық бірлестігінің жарқын жобалары

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті