Жаңалықтар

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобының ұйымдастыруымен байқаушылардың қатысуымен дайындық іс-шарасы өтті.

Кездесу барысында алдағы сайлау науқанында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға сайлау заңнамасындағы негізгі талаптар, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, дауыс беру күні учаскелерде жұмыс істеу тәртібі және дауыстарды санау процесін бақылау ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы әдістемелік материалдар таныстырылып, сайлау барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайларға қатысты практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өңірлерде байқаушыларды оқыту жұмыстары жалғасатыны айтылды.

Ұйым мәліметінше, қоғамдық бақылаудың басты міндеті – сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуына азаматтық бақылау жүргізу.

Айта кетейік, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия қатысады. Сайлау қарсаңында қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз байқаушылар еліміздің әр өңірінде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ұқсас жазбалар

“Медиация институтының қоғамдағы рөлі” кездесуі

Психологиялық тренингтер (стрессті басқару, эмоцияны бақылау, өмірлік мақсат қою)

«Деструктивті діннің таралуы» атты жастармен ашық диалог өтті

YouthUnion Redaktor