Жаңалықтар

Digital BAGYT Telegram-арнасы іске қосылды!

📢 Жамбылдың жастары, бізде жақсы жаңалық!

Жастарға арналған жаңа ақпараттық алаң – Digital BAGYT Telegram-арнасы іске қосылды! 🚀

Арнаның мақсаты – жастарды бір ортаға біріктіріп, коворкинг-орталық қатысушылары арасында жедел ақпарат алмасуға және жаңа мүмкіндіктерді бірге дамытуға жағдай жасау.

💡 Digital BAGYT арқылы:
🔹 іс-шаралар, кездесулер мен жаңа мүмкіндіктерден хабардар боласыздар;
🔹 өз идеяларыңыз бен бастамаларыңызды ұсына аласыздар;
🔹 жастар бастамаларының тізілімін қалыптастыруға атсалысасыздар;
🔹 басқа қатысушылармен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік аласыздар.

🤝 Digital BAGYT – идеялар тоғысатын, мүмкіндіктер ашылатын және белсенді жастарды біріктіретін орта!

📲 Telegram-арнамызға қосылыңыз: @digital_bagyt

💙 «ORKEN: Жастардың креативті әлеуетін ілгерілету және инновациялық бастамаларды өолдау хабы» жобасы “Ақ Сұңқар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және Қоғамдық Даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Ұқсас жазбалар

«Жастар арасындағы қақтығыстарды шешуде медиацияның қолданылуы» мастер классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Ой шебері» зияткерлік ойынына 450 жамбылдық оқушы қатысты

Qauipsiz Qadam

YouthUnion Redaktor