Жаңалықтар

Қордай ауданы жастары арасында «Көңілді спартакиада» спорттық жарысы өткізілді

«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қордай ауданы жастары арасында «Көңілді спартакиада» спорттық жарысы аясында арқан тартыс бойынша командалық жарыс өткізілді.

Аталған сайыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, командалық бірлік пен ұйымшылдықты арттыру.

Арқан тартыс жарысына қатысқан жастар командаларға бөлініп, өзара күш сынасты. Әр команда жеңіске жету үшін бірлесе әрекет етіп, ұйымшылдық пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, белсенділік танытты.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды. Арқан тартыс жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Ұқсас жазбалар

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті

Qauipsiz Qadam

YouthUnion Redaktor

Шу ауданында футболдан спорттық жарыс өтті

YouthUnion Redaktor