Жаңалықтар

Қордай ауданы жастары арасында «Көңілді спартакиада» спорттық жарысы өткізілді

«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қордай ауданы жастары арасында «Көңілді спартакиада» спорттық жарысы аясында қол күрес бойынша жарыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, дене белсенділігін дамыту және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жарысқа Қордай ауданының жастары белсенді қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар күш, төзімділік пен шапшаңдықтарын көрсетіп, тартысты бәсекеге түсті. Жарыс барысында белгіленген ережелер сақталып, қатысушылар арасында өзара сыйластық пен спорттық мәдениет қалыптасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 I орын – Өмірзақ Н.
🥈 II орын – Бауыржан Қ.
🥉 III орын – Жақсылықов Б.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.

Ұқсас жазбалар

«Пробация  есебіндегі азаматтармен кездесу»

YouthUnion Redaktor

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

YouthUnion Redaktor

«Медиация қоғамдық келісім мен ұлыттық бірлікті қамтамасыз етуші тетік» кездесуі

YouthUnion Redaktor