2026 жылғы 21 маусымда Шу пробация қызметкерлері арасында футболдан спорттық жарыс өтті.
Жарыс Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Спорттық шараға 3 команда қатысты. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру және қатысушылар арасында командалық ынтымақтастықты нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің спорттық шеберліктері мен ұйымшылдығын көрсетті. Тартысты өткен футбол жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын – «Ақ Сұңқар» командасы
🥈 II орын – «Бірлік» командасы
🥉 III орын – «Жігер» командасы
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

