Жаңалықтар

Жаңатаста жастарға арналған діни-ағарту семинары өтті

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы — Жаңатас қаласында дінтанушы маман қатысуымен жастарға арналған ағарту сипатындағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ұйымдастыруымен өтті.
Семинар барысында дінтанушы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының магистранты, Халықаралық Қазақ-араб университетінің «Дінтану» мамандығының түлегі Дәурен Нұржанұлы Құттыбаев жастарға дәстүрлі дін мен бейресми ағымдардың айырмашылығы, діни сауаттылықтың маңыздылығы жайлы түсіндірді.
Спикер жастарды интернет пен әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген діни ақпаратқа сын көзбен қарауға, ресми теологиялық білім мен ғылыми негізделген дереккөздерге сүйенуге шақырды. Сондай-ақ кездесу барысында радикалды ағымдардың жастар арасында таралу тәуекелдері мен оның алдын алу жолдары талқыланды.
Ұйымдастырушылар тарапынан мұндай кездесулердің тұрақты негізде өткізілетіні және аймақ жастарының діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасатыны айтылды.
Іс-шара Сарысу ауданы бойынша жоспарланған кешенді ағарту жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Ұқсас жазбалар

BIRGEMIZ: ASYL MURA

YouthUnion Redaktor

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor

Digital BAGYT Telegram-арнасы іске қосылды!

YouthUnion Redaktor