Жаңалықтар

“Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер” атты “Батагөйлер” байқауы өткізілді

29 мамыр күні Тараз қаласындағы (Жамбыл облысы) Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде “Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер” атты Батагөй қариялар арасында қалалық байқау болып өтті. Байқаудың ақтық сынына  үміткерлер қатысып бақ сынасты.

Аталған іс-шара грант аясында өткізіліп, ұйымдастырушылары – «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және “Ардагерлер ұйымы” РҚБ Тараз қалалық филиалы. Жобаның тапсырыс берушісі – Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, операторы — “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Байқауға қатысушыларды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаев, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Сматилдаева және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Әбдікешова құттықтап байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау үш бөлімнен: Ұлттық салт- дәстүр бойынша бата, Ел есіндегі белгілі тұлғалардың батасы, Ұлттық дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап бөлімдерінен тұрды. Байқау тартысты өтті. Байқауға белсене қатысқандары үшін Дипломмен және сыйлықтармен қатысушылар марапатталды. Жүлделі 3 — ші орын  дипломымен  және бағалы сыйлықпен Айдынов Сайдилла, жүлделі 2- ші орынмен Қарнақбаев Сейтжан марапатталды. Байқау жеңімпазы болып Қуандықов Ерболат танылды. Жүлдегер 1-ші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен мараратталып, облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Ата — бабаларымыздан батаның небір жауһар үлгілері сақталып келе жатқанына байқауға келген көрермендер куә болды. Жастарымызға үлгі боларлық іс- шара өз деңгейінде ұйымдасқан түрде өтті.

“Батагөй қариялар” байқауының барысында концерттік бағдарлама қалалық ардагер ұстаздардан құралған “Асыл жандар” тобының өнерлерімен өріліп, өнер сүйер қауымның қолдауына ие болды.

Ұқсас жазбалар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«YOUTH FOOTBALL» атты футбол ойыны өтті

YouthUnion Redaktor

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ — ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ ТЕҢДІГІ