Жаңалықтар

«Медиация татулық пен түсініктін кілті» кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 6 қараша күні Мойынқұм аудандағы ,Жамбыл атындағы мектеп гимназиясында «Медиация татулық пен түсініктін кілті » тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Мақсат

Медиацияның мәнін түсіндіру, қатысушыларға дау-жанжалдарды татулық пен түсіністікке негізделген бейбіт жолмен шешу әдістерін үйрету, сондай-ақ қоғамдағы өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттер

1.Қатысушыларға медиацияның негізгі қағидалары мен артықшылықтарын таныстыру.

2.Дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу тәсілдерін көрсету және практикалық кеңестер беру.

3.Өзара түсіністік, сабырлылық пен сыйластық дағдыларын дамытуға ықпал ету.

4.Қатысушылардың коммуникациялық және келісімге келу дағдыларын жетілдіру.

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп ,қатысушыларға бүгінгі шараның негізгі мақсатын таныстырып өтті. Ол медиацияның қоғамдағы рөлі, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларды белсенділік танытуға және өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында медиацияның мәнін жан-жақты түсіндіріп, қатысушыларға дау-жанжалдарды түсіністікпен, сабырлылықпен шешудің практикалық әдістерін көрсетті. Ол медиацияның тек қақтығысты шешуге емес, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен келісімді нығайтуға бағытталғанын ерекше атап өтті.Сондай-ақ қатысушыларға әр жағдайға байыппен қарап, бір-бірін тыңдауға, ортақ шешімге келуге үйренуге шақырды. Сонымен қатар, ол медиацияның өмірде, оқу орнында және қоғамдағы бейбіт атмосфераны қалыптастырудағы рөлін мысалдар арқылы көрсетіп, кездесуді қызықты әрі түсінікті етті.

Ұқсас жазбалар

«Ай астындағы тұмса жыр» атты поэтикалық кеші өтті

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

«Менің құқықтарым – менің міндетім»

YouthUnion Redaktor