Жаңалықтар

«Қауіпсіз қоғам құру: құқықтар мен жауапкершілік» тақырыбында мастер-классы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігімен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін Қауіпсіз қоғам құру: құқықтар мен жауапкершілік» атты мастер-класс ұйымдастырылды

Мақсат:

Қатысушыларға қауіпсіз қоғам құрудағы адамның құқықтары мен жауапкершілігінің маңызын түсіндіру, осал топ өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамдағы тең мүмкіндіктерге қол жеткізуіне ықпал жасау.

Міндеттері:

  • Құқықтар мен жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру;
  • Қауіпсіздік пен әлеуметтік әділдік принциптерін таныстыру;
  • Қазақстанның заңдары мен халықаралық құжаттардағы негізгі құқықтарды түсіндіру.

 

05 караша 2025 жылы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының  қатысуымен «Қауіпсіз қоғам құру: құқықтар мен жауапкершілік» тақырыбында Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі колледжінде  мастер- класс өткізілді

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Кездесудің модераторы Әбдиев  Еркін қатысушылар мен сәлемдесіп, қоғамдағы қауіпсіздіктің маңызына, әр азаматтың өз құқығын білуі мен жауапкершілік сезімінің әлеуметтік тұрақтылыққа қосатын үлесіне тоқталды. Ол теңдік пен әділдіктің қоғамдағы қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Шараның спикері, қатысушыларға құқықтар мен жауапкершіліктің өзара байланысы, әлеуметтік әділдік, тең мүмкіндіктер және осал топтарды қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.Ол өз сөзінде:
«Қауіпсіз қоғам – тек заңдар арқылы ғана емес, әр азаматтың өз құқығын білуі, жауапкершілікпен әрекет етуі арқылы құрылады. Әсіресе осал топтар үшін бұл принциптер маңызды, себебі олар қоғамдағы тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге тиіс», – деп атап өтті.

Сонымен қатар «Әрбір адам өз құқығын сақтай білсе, сонымен бірге жауапкершілікті сезінсе, қоғам шынайы қауіпсіз әрі әділетті болады. Біз әрқашан бір-бірімізді құрметтеп, қолдау арқылы қауіпсіз ортаны бірге құра аламыз», – деп өз ойын толықтырды.

Қатысушыларға әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік, құқықтық ақпаратты тиімді пайдалану жолдары туралы түсіндірді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, маманнан нақты және пайдалы жауап алды.

Іс-шара осал топ өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдағы белсенділігін күшейтуге және қауіпсіз, әділетті қоғам құрудың маңызын ұғындыруға бағытталған маңызды кездесулердің бірі болды.

 

Ұқсас жазбалар

 “Студенттер үшін келіссөздер өнері және медиация тәжірибесі”

YouthUnion Redaktor

«Дін мен қоғам» атты жастармен кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті