Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін “Еркіндік мен теңдік әр адамның негізгі құқығы” тақырыбында мастер — классы ұйымдастырылды
Мақсаты: Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін күшейту және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді насихаттау
Міндеттері:
- Адам құқықтары жөніндегі жалпы түсінік беру;
- Еркіндік, теңдік ұғымдарының мазмұнын ашу;
- Қатысушыларды адамды құрметтеуге, төзімділікке, әділдікке тәрбиелеу
03 қараша 2025 жылы «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облысы филиалының сату маманы Қойбакишева Аяна Назарбекқызының қатысуымен «Асар» ерекше қажеттілігі бар жандарды сауықтыру орталығында «Еркіндік мен теңдік әр адамның негізгі құқығы» тақырыбында мастер- классы өткізілді
Шараның арнайы спикері –өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға адамның негізгі құқықтары, әлеуметтік теңдік және қауіпсіз орта қалыптастырудағы жеке жауапкершілік туралы құнды ақпарат айтты .Сондай- ақ қоғамда әр адамды құрметтеу, дискриминацияға жол бермеу, кәсіби және әлеуметтік ортада тең мүмкіндіктер жасау мәселелеріне ерекше тоқталып, нақты мысалдар келтірді. Ол өз сөзінде әрбір азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің мемлекет тарапынан қорғалатынын, ал тең мүмкіндіктер жасау — қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Сонымен қатар осал топтар үшін қолжетімді әлеуметтік және қаржылық мүмкіндіктерге тоқталып, тұрғын үй жинақ жүйесінің артықшылықтары, мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанаға қол жеткізу жолдары, сондай-ақ құқықтық ақпаратты білу арқылы өзін қорғаудың маңызын түсіндірді. Ол қатысушыларға:
«Әр адам еркін болуға, өз ойын ашық айтуға және лайықты өмір сүруге құқылы. Теңдік — тек қағаздағы сөз емес, ол күнделікті ортада әр азаматқа көрсетілетін құрмет пен қолдаудан көрінуі керек», – деген ойларын жеткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар сұрақтар қойып, түрлі өмірлік жағдайларға байланысты пікір алмасып, құқықтық кеңес алды. Мастер-класс жалпы азаматтардың, соның ішінде осал топтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына және өз құқықтарын қорғауына ынталандыруды көздеді.
