Жамбыл облысы прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» мемлекеттік тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі «Халық заңгері» республикалық акциясын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығынарттыру, азаматтарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету, қоғамдағыәділдік пен қауіпсіздікті нығайту.
Міндеттері:
Акция шеңберінде азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріліп, құқықтар мен жауапкершілік, әлеуметтік қолдау бағдарламалары және медиациялық қызметтер туралы толық ақпарат жеткізілді .

Сондай-ақ акция барысында тұрғындардың құқықтықсауаттылығы артты, олар құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды, медиациялық қызметтер туралы ақпаратпен қамтамасыз етілді және өз құқықтарын тиімді қорғау жолдарын үйренді. Соны менқатар, акция қоғамдағы

құқықтық мәдениетті нығайтып, тұрғындардың әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін арттыруға ықпалетті.
