Жаңалықтар

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

Жамбыл облысының  әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оку орындарында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар дәрістерді ұйымдастырды.

Мақсаты:

Жастарды нашақорлықтан қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың жарқын болашағын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Жастарды спорт пен өнерге баулу;
  • Бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау;
  • Отбасылық тәрбие мен ата-ана бақылауын күшейту;

 

10 қазан 2025 жылы  Тараз қаласының заңгері Раушан Ескермесқызы Жұмажанованың қатысуымен «Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»тақырыбында Тараз сервис- технология  колледжінде дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Раушан Ескермесқызы дәрісінде жастар арасындағы нашақорлық мәселесі кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі уақытта есірткіге тәуелділік қоғам үшін ең үлкен қауіптердің бірі болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жастар есірткінің ықпалына түсіп, өз денсаулығына орны толмас зиян келтіріп қана қоймай, сонымен бірге білім алудан, дамудан және болашақта өмірлік табысқа жету мүмкіндігінен айырылып жатыр. Заңгердің пікірінше, нашақорлықпен күрес жүргізудің басты мақсаты – жастарды зиянды заттардың әсерінен қорғап, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, ол жастардың болашағы – мемлекеттің келешегі екенін де ерекше атап өтті.

Бұл мәселемен күресу үшін мемлекет, қоғам және отбасы бірігіп жұмыс жасауы қажет. Жастарды спорт пен мәдениетке тарту, құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық тәрбиені күшейту – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдары болып саналады.Нашақорлық соңы мен оның салдары өте ауыр: денсаулықтың бұзылуы, оқу үлгерімінің төмендеуі, қылмысқа бару және өмірдің қысқаруы сияқты кері құбылыстарды да атап өтіп,жастарға ондай бойды аулақ ұстауға шақырды.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

“Құқықтық сауаттылық — әділ қоғам негізі”

YouthUnion Redaktor

«Сабыр және құқық» акциясы өткізілді

YouthUnion Redaktor

Жастар бастамасына қолдау – болашаққа инвестиция: «Ақ Сұңқар» қоғамдық бірлестігінің жарқын жобалары