Жаңалықтар

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

Жамбыл облысының  әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оку орындарында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар дәрістерді ұйымдастырды.

Мақсаты:

Жастарды нашақорлықтан қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың жарқын болашағын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Жастарды спорт пен өнерге баулу;
  • Бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау;
  • Отбасылық тәрбие мен ата-ана бақылауын күшейту;

 

29 қыркүйек 2025 жылы  Тараз қаласының заңгері Раушан Ескермесқызы Жұмажанованың қатысуымен «Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»тақырыбында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде дәріс өткізілді.

Дәріс барысында  Раушан Ескермесқызы жастар арасындағы нашақорлық мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда нашақорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең үлкен қауіптердің бірі екендігін, жастар есірткіге әуестену арқылы өз денсаулығына зиян тигізіп қана қоймай, білім алу мен болашаққа жету мүмкіндіктерінен айырылатындығын жеткізді.

Заңгердің пікірінше, нашақорлықпен күрестің негізгі мақсаты – жастарды есірткінің зиянынан қорғау және олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау. Сонымен қатар , жастардың болашағы елдің болашағымен тікелей байланысты екенін атап өтті.  

Бұл мәселемен күресу үшін мемлекет, қоғам және отбасы бірігіп жұмыс жасауы қажет. Жастарды спорт пен мәдениетке тарту, құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық тәрбиені күшейту – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдары болып саналады.Нашақорлық соңы мен оның салдары өте ауыр: денсаулықтың бұзылуы, оқу үлгерімінің төмендеуі, қылмысқа бару және өмірдің қысқаруы сияқты кері құбылыстарды да атап өтіп,жастарға ондай бойды аулақ ұстауға шақырды.

Заңгер жастардың болашағы елдің болашағымен тікелей байланысты екенін айтып, нашақорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиістігін айтты.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

«Пробация  есебіндегі азаматтармен кездесу»

YouthUnion Redaktor

«Пробация есебіндегі азаматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті