Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ЗТБ “Жамбыл обылысы жастар ұйымының Қауымдастығы” ұйымдастыруымен 2025 жылғы 8 тамыз күні Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы мәдениет үйі ауыл тұрғындары «Отбасы – Бақыт мекені» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — Отбасының қоғамдағы рөлін, маңызын және құндылығын насихаттау, отбасылық береке мен бірлікті дәріптеу арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Шарада модератор ретінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ президенті Еркін Әбдиев сөз сөйледі.
Зорлық-зомбылықтың алдын-алуда буллинг мәceлeciмeн талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлудe (cоның iшiндe буллинг балалармeн жәнe буллинг құрбандарымeн) Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнeн аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудeгeндi бiлдiрeдi. Адам үйдe, мeктeптe, автобуcта нeмece интeрнeттe, жалпы айтатын болcақ, кeзкeлгeн жeрдe буллингкe ұшырауы мүмкiн. Бұл кeз кeлгeн адамның баcында болатын жағдай.
Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол:
● адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу
● оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру
● cол жайында өceк тарату
● оны eлeмeу нeмece жeкeлeту
● рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою
● ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру
● қоқан-лоқы көрceту нeмece қорқыту
Білікті психолог Әбдуалиева Арайлым Әділбекқызы, Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер Қазақ қоғамында отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар ғасырлар бойы сақталып келеді. Олар – сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ынтымақ пен бірлік, сабыр мен шыдамдылық, ер мен әйел арасындағы өзара жауапкершілік. Ұлттық болмысымыздың негізі – осы асыл қасиеттер арқылы берік қалыптасады.
Қазақ қоғамында отбасы ежелден маңызды құндылықтардың бірі болып саналған. Ұрпақ тәрбиесі, дәстүрді сақтау, қоғамның рухани негізін қалыптастыруда отбасының орны ерекше. Уақыт өте келе қоғамда әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алып, отбасы институтына деген көзқарастар да өзгеруде. Бірақ отбасының рөлі мен маңыздылығы әлі де жоғары.
Дәстүрлі көзқарас және қазіргі өзгерістер Қазақ халқының салт-дәстүрінде отбасы – тек туыстық байланыстар емес, ұрпақтар арасындағы рухани байланыс. Бұрын үлкен әулеттер бірге өмір сүріп, ата-әже мен әке-шеше бір шаңырақ астында ұрпақ тәрбиелеген. Әр отбасы мүшесінің өз міндеті болды.
Бүгінде урбанизация, жаһандану, экономикалық қиындықтар сияқты факторлар отбасы құрылымына әсер етті. Жас отбасылар көбіне үлкендерден бөлек өмір сүруді жөн көреді. Мұндай өзгерістер отбасы институтының ішкі динамикасын күрделендіріп, жаңа міндеттерді алға қояды.
Өмірге енді ғана келген сәбидің еститіні – ананың үні, көретіні – ата-анасының қарым-қатынасы, сондықтан баланың өміріндегі, қалыптасуындағы отбасының орнын ештеңе айырбастай алмайды.
Отбасылық қарым-қатынастың ашық және сенімді болуына баса назар аудару қажет. Конфликттерді дұрыс шешу және өзара сыйластықты сақтау отбасындағы психологиялық денсаулықты нығайтыны туралы айтты.
Отбасылық зорлық-зомбылық – тек құқықтық емес, әлеуметтік және моральдық мәселе. Сондықтан, оны болдырмау – бүкіл қоғамның міндеті. Алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу арқылы ғана біз зорлық-зомбылық деңгейін төмендетіп, отбасылық татулықты сақтай алатындығын атап өтті.
Шара соңында тұрғындар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды


