Жаңалықтар

«Азаматтық қоғамның әлеуеттін арттыру» семинары өтті

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен және «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында «Jambyl Civil Hub» жобасы аясында ресурстық орталығында «Азаматтық қоғамның әлеуеттін арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар алғы сөзі «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасы, заң ғылымдарының магистрі Дастан Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі.

Сонымен қатар семинар барысында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрайымы Нурабаева Гүлфайруз өз ойын білдірді.
Іс-шараға Жамбыл облысының түрлі аудандарынан келген үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелері, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді араласатын азаматтар қатысып, өз пікірлерін айтты.

Семинарда ҮЕҰ сыйлықақы, мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру, ауылдың ҮЕҰ ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту саласындағы шағын гранттар байқау туралы сөз қозғалды.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясаты негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы №7 орта мектебінде «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті

Creativ Hub шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

YouthUnion Redaktor

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ” кездесуі