Жаңалықтар

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

2025 жылғы 5 маусымда медиатор Джумажанова Раушан Ескермесқызының қатысуымен медиация мәселелері бойынша консультация өткізілді.

Консультация барысында тараптарға медиацияның құқықтық негіздері, оның мақсаты мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, дауларды соттан тыс реттеудің тиімді жолдары, тараптардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Консультация бейресми әрі ерікті негізде өтті. Тараптар медиация процесіне қызығушылық білдіріп, өз сұрақтарын қойды және нақты жағдайлар бойынша кеңес алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды.

Ұқсас жазбалар

В Жамбылской области начался прием заявок на конкурс малых грантов «JAMBYL CIVIL HUB», направленный на поддержку гражданских инициатив и развитие социально значимых проектов

YouthUnion Redaktor

Digital BAGYT Telegram-арнасы іске қосылды!

YouthUnion Redaktor

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

YouthUnion Redaktor