«Жамбыл облысы Шу ауданы ішкі саясат бөлімі» КММ-нің тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Шу аудандық ПҚБ» ніңұйымдастыруымен 25 маусым күні сағат 15:00-де Шу ауданы , «Аманат» партиясының ғимаратында «Заң заман талабы» атты құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған білікті заңгермен тренинг өтті. Іс-шараға, Шу ауданы прократурасының прокуроры Бахадыр Нұрлыхан Мұратұлы, жобаның менеджері әрі «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы, «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Шу аудандық ПҚБ» бастығының м.а. әділет капитаны Булатбеков Марат Жаныбекұлы және аудан тұрғындары қатысты.
Тренингтің негізгі мақсаты – аудандық пробация тізіміндегі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың заң талаптары мен міндеттерін саналы түрде орындауына ықпал ету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамға бейімделуін қолдау болып табылады.

Кездесу барысында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы: Халықтың құқықтық сауаттылығы – бұл әрбір азаматтың өзінің заңды құқықтары мен міндеттерін білуі, сондай-ақ өз мүдделерін әртүрлі деңгейде және барлық мәселелер бойынша өз бетінше қорғай алуы және мемлекеттік басқаруға белсенді қатысу мүмкіндігі. Мемлекеттегі әрбір адамның құқықтық сауаттылығы мен қоғамның күштілігі арасындағы байланыс терең және жан-жақты. Әділ, тұрақты және функционалды қоғамдық тәртіпті құруға құқықтық хабардар азаматтар өз үлесін қосуда.
Біріншіден, заңдарды сақтау және құқықтар мен бостандықтарды қорғау. Құқықтық сауаттылық азаматтарға заңдарды түсінуге және сақтауға көмектеседі, бұл қылмыс пен құқық бұзушылықты азайтады. Адамдар өз құқықтарын білетін болса, олар қиянат пен әділетсіздіктен жақсы қорғалады және оларды қорғауға қабілетті болады. Осы жерде мен заңды білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайтын маңызды құқықтық қағидалардың бірін еске салды.
Екіншіден, мемлекеттік басқаруға қатысу, оның ішінде экономикалық және құқықтық реформалар, халықаралық қатынастар және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Сауатты азаматтар саяси үдерістерге, соның ішінде сайлаулар мен қоғамдық тыңдауларға белсенді түрде қатысады, бұл демократияны нығайтады. Құқықтық сауатты азаматтар экономикалық өсім мен дамуға ықпал ететін экономикалық қызметке табыстырақ қатыса алады.
Құқықтық сауаттылық азаматтарға реформалардың қажеттілігі мен құндылығын түсінуге мүмкіндік береді, бұл заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін үздіксіз жетілдіруге ықпал етеді. Ең бастысы, хабардар азаматтар мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жақсырақ бақылап, ашықтық пен есеп беруді талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлықты азайтады және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады.
Үшіншіден, бұл – қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық тәрбие. Құқықтық сауаттылық жанжалдардың алдын алуға көмектеседі және дауларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді, әлеуметтік тұрақтылықты арттыратынын баса атап өтті.
Сондай-ақ Шу ауданының прокуратурасының прокуроры Бахадыр Нұрлыхан Мұратұлы сөзін былай бастады: “Құрметті пробация есебіндегі азаматтар!
Біз бүгін осы тренингтің негізгі мақсаты — сіздердің заңға деген түсінігіңізді тереңдету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Әрқайсымызға Қазақстан Республикасының Конституциясымен, азаматтық және қылмыстық кодекстерімен танысу, құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу — маңызды.
Пробация қызметі сіздерді қоғамға толыққанды қайта интеграциялауға бағытталған. Сол себепті сіздердің мәселелеріңізді, сұрақтарыңызды ашық талқылап, құқықтық қолдау ұсынамыз.
Заңды сақтай отырып, сіздер өзіңізге, отбасыңызға және айналаңызға қауіпсіздік, тұрақтылық әкелесіздер. Құқықтық сауаттылық — сіздердің ең жақсы серігіңіз.
Бүгінгі кездесуде қолданылатын материалдар — заңдағы соңғы өзгерістер, өз қалауларыңыз бен өмір жағдайларыңызға байланысты құқықтық кеңестер. Сұрақтарыңыз болса, ашық айтыңыздар — бірге шешім табамыз”- деді.


