ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді қалалық деңгейде этносаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған «Медиация және қоғамдық диалог мәдениеті» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз!
📚 Семинар барысында:
✅ медиацияның заманауи тәсілдері;
✅ қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыру;
✅ этносаралық келісімді нығайтудағы тиімді тәжірибелер;
✅ кәсіби тәжірибе алмасу және пікірталас алаңы ұйымдастырылады.
🎯 Семинардың мақсаты – этносаралық қатынастар саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған тәжірибелік білім беру.
📅 Өтетін күні: 30 маусым
🤝 Қоғамдық келісім – ортақ жауапкершілік, ал тиімді диалог – оның берік негізі.
«TAMYR – Тарих. Мәдениет. Рух.» жобасы «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.
