Жаңалықтар

Аудан жастарынан діни сауал алынды

2026 жылғы 14–15 мамыр күндері Шу ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында дін саласына қатысты сауалнама жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың дін туралы ақпараттану деңгейін анықтау, олардың діни сауаттылығын бағалау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін зерделеу және діни ақпаратты қандай көздерден алатынын анықтау болды.

Сауалнамаға аудан мектептерінің оқушылары қатысып, діннің қоғамдағы орны, дәстүрлі діни құндылықтар, зайырлылық қағидаттары, интернет кеңістігіндегі діни ақпараттардың сенімділігі және деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы сұрақтарға жауап берді.

Сауалнама нәтижелері оқушылардың басым бөлігінің дін туралы жалпы түсінігі қалыптасқанын көрсетті. Қатысушылардың көпшілігі Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін, діни сенім бостандығына кепілдік берілетінін және діни мәселелерде заң талаптарын сақтау маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жастар арасында дәстүрлі діни құндылықтарға қызығушылықтың бар екені байқалды.

Зерттеу барысында оқушылардың дін туралы ақпаратты қайдан алатыны да анықталды. Нәтижесінде олардың басым бөлігі ақпаратты ата-аналарынан, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен, ресми ақпарат көздерінен және дін саласындағы мамандардың түсіндіру жұмыстарынан алатынын көрсетті. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарының ықпалы жоғары екені белгілі болды. Осыған байланысты жастар арасында сенімді және ресми ақпарат көздерін пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сауалнама аясында оқушылар деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы өз пікірлерін білдірді. Көпшілік қатысушылар мұндай ағымдардың жастардың санасына теріс ықпал ететінін және олардың алдын алу үшін тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Шу ауданында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында теологтармен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен және сала мамандарымен кездесулер, дәрістер, пікірталас алаңдары, семинарлар мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

14–15 мамыр күндері өткізілген сауалнама жастардың діни мәселелерге деген көзқарасын анықтауға және алдағы профилактикалық жұмыстардың бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Сауалнама қорытындылары жастардың діни сауаттылығын одан әрі арттыруға, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және жат діни идеологиялардың ықпалынан қорғауға бағытталған іс-шараларды жетілдіруде маңызды рөл атқарады.

Жастардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас жазбалар

Отбасы – Бақыт мекені

«Медиациялық процестің негізгі принциптері мен тиімділігі» тақырыбында мастер-классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау» тақырыбында мастер-классы өткізілді

YouthUnion Redaktor