«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті болып Намелбек Азамат Намелбекұлы тағайындалды.
Аталған қызметті бұған дейін Әбдиев Еркін Қайырбекұлы атқарып, ол бұл лауазымда екі жыл еңбек етті.
Намелбек Азамат Намелбекұлы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Ол жастар саясаты мен волонтерлік қызмет саласында бірнеше жылдық тәжірибеге ие.
Еңбек және қоғамдық қызмет жолы:
-
2019–2020 жж. – Тараз қалалық «Темірқазық» еріктілер қозғалысының мүшесі;
-
2020–2021 жж. – Тараз қалалық «Темірқазық» еріктілер қозғалысы басшысының орынбасары;
-
2021–2022 жж. – Тараз қалалық «Темірқазық» еріктілер қозғалысының басшысы;
-
2021–2022 жж. – «Қазақстан медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының үйлестірушісі;
-
2022 ж. – Тараз қаласы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшесі;
-
2022 ж. – Жамбыл облысы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшесі;
-
2022 ж. – «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.
Сонымен қатар:
-
2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Бизнес» бағытыбойынша грант иегері атанды;
-
2023 жылы – «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
-
2024 жылы – «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-ның Жамбыл облысындағы волонтерлікті дамыту жөніндегі амбассадоры (елшісі).
Жаңа президенттің жастар ұйымдарының қызметін одан әрі дамытуға бағытталған бастамалары алдағы уақытта жүзеге асырылатын болады.
