Жаңалықтар

«Әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау» тақырыбында мастер-классы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен  әлеуметтік осал топтардын өкілдері арасында «Әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау» тақырыбында мастер-классы ұйымдастырылды

Мақсаты:

Әлеуметтік осал топтар өкілдерін құқықтық ақпаратпен таныстырып, әлеуметтік қолдау және көмек алу жолдарын көрсету; олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

·       Қатысушыларға әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау шаралары туралы нақты ақпарат беру;

·       Құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

 

07 қараша  2025 жылы  Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Джаналиев Сағат Сәрсенбайұлы  қатысуымен  «Әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау» тақырыбында Тараз сервис және технология  колледжінде  конференция өткізілді.

Іс-шараның модераторы  Аяулым Жаңабекқызы конференциянын ашылу сөзін айтты.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Сағат Сәрсенбайұлы Жаналиев шара барысында адам құқықтарының қорғалуы мен қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі кез келген мемлекеттің өркениеттілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Спикер қатысушыларға әлеуметтік осал топтарға арналған құқықтық ақпарат беріп, әлеуметтік қолдау алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты практикалық кеңестер алды.

 

Мастер-класстың мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу жолдарын көрсету.

    Screenshot

 

 

Ұқсас жазбалар

«Медиациялық процестің негізгі принциптері мен тиімділігі» тақырыбында мастер-классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректен жүрекке” атты акциясы өтті

«Шұғыл желілердің» тұрақты жұмысын ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor