Жаңалықтар

«Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»

Жамбыл облысының  әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оку орындарында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар дәрістерді ұйымдастырды.

Мақсаты:

Жастарды нашақорлықтан қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың жарқын болашағын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Жастарды спорт пен өнерге баулу;
  • Бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау;
  • Отбасылық тәрбие мен ата-ана бақылауын күшейту;

 

7 қазан 2025 жылы “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің  басқарма төрағасы  Исламбек Дастанұлының қатысуымен «Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес»тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  дәріс өткізілді.

Дәріс барысында  Исламбек Дастанұлы  қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде жастар арасындағы нашақорлық  факторлары туралы атап өтті. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына қауіп төндіретіндігін,онымен қоғам болып күресу арқылы ғана онды нәтижеге жетуге болатынын  айтты. Зерттеушілердің пікірін тілге тиек ете отырып, нашақорлықтың кең таралуына әлеуметтік, психологиялық және экономикалық факторлар елеулі әсерін тигізетінін жеткізді.

Сонымен қатар , жастардың есірткіге әуестенуінің басты себептері — қызығушылық, достарның  ықпалы және бос уақытты тиімді өткізбеуі  ,сондай-ақ  өмірлік мақсаттың айқын болмауы екендігі,  спикердің пікірінше, осындай жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі түрде күрес шаралары жүргізілуі қажет екендігі айтылды.

Қорытындылай келе Исламбек Дастанұлының жастар арасындағы нашақорлықпен күрес – бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылатындығын, ел ертеңіне алаңдаған әрбір жас бел шешіп,білек сыбана кіріссе ғана осындай күрделі мәселемен күрестің шешімі мен нәтижесі оңды болмақ. “Ұлт болашағы-дені сау ұрпақ “екенін әсте естен шығармаған жөн.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

Ұқсас жазбалар

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

“Отбасы бақыт мекені” атты танымал психолог әрі теолог, дінтанушы Нұржан Байжігітұлымен аудан тұрғындарының кездесуі

«Қоқыстан көркем кешен»: Экоойлаудың көркем үлгісі