Жаңалықтар

“Студенттер үшін келіссөздер өнері және медиация тәжірибесі”

Жамбыл облысының  әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі Тараз қаласының оку орындарында құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар дәрістерді ұйымдастырды.

Негізгі мақсаты – жастарға келіссөздер жүргізудің заманауи әдістерін үйрету, жанжалдарды тиімді шешудің жолдарын көрсету және медиация институтының қоғамдағы маңызын түсіндіру болды.

Міндеттері:

  1. Келіссөздер жүргізудің негізгі қағидаларын үйрету;
  2. Медиация тәжірибесін практикалық тапсырмалар арқылы көрсету;
  3. Студенттердің сыни ойлау, тыңдай білу және өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру;
  4. Құқықтық мәдениетті нығайтуға үлес қосу.

 

16 кыркүйек 2025 жылы  заңгер  Арзымбетова Алия Исмадильдақызының қатысуымен  “Студенттер үшін келіссөздер өнері және медиация тәжірибесі” тақырыбында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі  және “Тараз –Болашақ” медициналық колледждерінде дәріс өткізілді.

Дәріс барысында белгілі заңгер Әлия Исмадильдақызының медиацияның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы орнына тоқталды. Ол дауларды сотқа жеткізбей шешудің тиімді жолдарын түсіндіріп, жастардың келіссөздер жүргізу қабілетін дамыту қажет екенін айтты. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда медиация тәжірибесінің маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Дәріске қатысқан студенттер белсенділік танытып, тәжірибелік тапсырмалар орындап, медиатор мамандығының ерекшеліктері жөнінде мол мағлұмат алды.

Әлия Исмадильдақызының айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, болашақ кәсібіне сенімді қадам жасауына ықпал етеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

«Медиация татулық пен түсініктін кілті» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Медиациялық процестің негізгі принциптері мен тиімділігі» тақырыбында мастер-классы өткізілді

YouthUnion Redaktor

Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті

YouthUnion Redaktor