Жаңалықтар

«2025 жылғы белсенді ҮЕҰ» конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

«2025 жылғы белсенді ҮЕҰ» конкурсының (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, ауылдық ұйымдардың іс-шаралары мен жобалары және облыс көлеміндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ҮЕҰ қызметі насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушысы: “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі.

I. Конкурс мақсаты мен міндеті

1.1. Конкурстың мақсаты – өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әлеуметтік, мәдени, экономикалық және қоғамдық салалардағы белсенділігін арттыру, үздік тәжірибелерді тарату.
1.2. Міндеттері:
ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларға қатысуын ынталандыру;
Үздік жобаларды анықтау және марапаттау;
Қоғамдық белсенділікті арттыру.

ІІ.Конкурс талаптары мен шарттары

2.1. Конкурсқа Тараз қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ қатыса алады;
2.2. Қатысушылардың конкурстық өтінім берер алдындағы қызмет өтілі кемінде 6 ай болуы тиіc;
2.3. Конкурс жеңімпаздарын комиссиясы анықтайды. Комиссияда тақ саны болуы қажет;
2.4. Мемлекеттік органдар, саяси партиялар және олардың құрылымдық бөлімшелері қатыса алмайды;
2.5. Конкурс жабық форматта өткізіледі.

III. Өтінім беру тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде өткізеді:
Өтінім (қосымшада берілген нысан бойынша);
ҮЕҰ-ның заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың көшірмелері (болған жағдайда);
2025 жылдың 1 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығында ұйыммен өткізілген іс-шараларының тізбесі.
IV. Конкурс номинациялары
«Әлеуметтік бастама көшбасшысы»;
«Жастарды қолдаушы ҮЕҰ»;
«Еріктілер қозғалысының үздігі».
V. Бағалау өлшемшарттары
Қоғамдық маңыздылығы – әр іс-шара 1 балл;
Әлеуметтік әсері – әр іс-шара 1 балл;
Қамтылған бенефициарлар саны – әр бенефициар 1 балл;
Ақпараттық жариялылық – әр жарияланым 1 баллмен бағаланады.

VI. Қорытынды
Конкурс жеңімпаздарына жалпы номинациялар бойынша жүлделер мен сыйлықтар тағайындалады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар марапаттау рәсімінде жарияланады.

Ұқсас жазбалар

«Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылыққа медиацияның әсері»

YouthUnion Redaktor

«Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді

YouthUnion Redaktor

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ” кездесуі