Жаңалықтар

«Жамбыл облысының үздік әлеуметтік жобалары» конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

«Жамбыл облысының үздік әлеуметтік жобалары» конкурсының (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, ауылдық ұйымдардың іс-шаралары мен жобалары және облыс көлеміндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ҮЕҰ қызметі насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушысы: “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі.

I. Конкурс мақсаты мен міндеті

1.1. Мақсаты – Жамбыл облысындағы әлеуметтік салада жүзеге асырылған үздік тәжірибелерді анықтау, қолдау және тарату арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету.
1.2. Міндеттері:
Әлеуметтік бастамаларды қолдау;
Жаңашыл және тиімді шешімдерді анықтау;
Үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
Қоғамдық маңызы бар жобалардың беделін арттыру.

ІІ. Конкурс талаптары мен шарттары

2.1. Конкурсқа Жамбыл облысында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ қатыса алады.
2.2. Қатысушылардың конкурстық өтінім берер алдындағы қызмет өтілі кемінде 6 ай болуы тиіc;
2.3. Конкурсқа ұсынылатын жоба соңғы 2 жыл ішінде іске асырылған немесе іске асырылып жатқан болуы тиіс.
2.4. Конкурс жеңімпаздарын комиссиясы анықтайды. Комиссияда тақ саны болуы қажет;
2.5. Мемлекеттік органдар, саяси партиялар және олардың құрылымдық бөлімшелері қатыса алмайды.
2.6. Конкурс жабық форматта өткізіледі.

III. Өтінім беру тәртібі
3.1. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде өткізеді:
Өтінім (қосымшада берілген нысан бойынша);
ҮЕҰ-ның заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың көшірмелері (болған жағдайда);
Ұсынылып жатқан әлеуметтік жоба туралы ақпарат немесе презентация.
IV. Бағалау өлшемшарттары
Қоғамдық маңыздылығы – әр іс-шара 1 балл;
Әлеуметтік әсері – әр іс-шара 1 балл;
Қамтылған бенефициарлар саны – әр бенефициар 1 балл;
Ақпараттық жариялылық – әр жарияланым 1 баллмен бағаланады.

V. Қорытынды

Конкурс жеңімпаздарына жүлделер мен сыйлықтар тағайындалады. Конкурс бойынша жеңімпаздар марапаттау рәсімінде жарияланады.

Ұқсас жазбалар

«2025 жылғы белсенді ҮЕҰ» конкурсының ЕРЕЖЕСІ

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті

«Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді

YouthUnion Redaktor