«Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойыны Жуалы ауданы орта білім білім беру ұйымдарынан 30 топ қатысып, жүзден астам оқушы бақтарын сынады.
Ойында Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты», «Ай мен Айша» романы, Б.Момышұлы «Алыстан сәлем жолдаймын», Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», К.Ахметова «Бақ» өлеңдер жинағы сұрақтар қойылды. Қатысушылар Шерхан Мұртазаның. шығармаларынан жоғары ұпай жинаған.
Шараның мақсаты “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.
Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырды.
Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар (А.Кеңшілікұлы «Cөз патшасы», Д.Исабеков «Қарғын», Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа», К.Ахметова «Құт») таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.
